Астанада түнгі тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Астана қаласында жыл басынан бері азаматтардың тыныштығын бұзу деректері бойынша 23 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.
Кезекті рейд барысында "102" арнасына қала тұрғындарының бірінен Түркістан көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында белгісіз азаматтардың қатты шу шығарып, қоғамдық тыныштықты бұзып жатқаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері аталған ақпараттың расталғанын анықтады. Тексеру барысында автокөлік ішінде алкогольдік ішімдік ішіп, айналадағы тұрғындардың мазасын алған 45 жастағы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қоғамдық орындарда және тұрғын үйлердің аулаларында тәртіп сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта қатты музыка қою, айқайлау немесе өзге де әрекеттер арқылы тұрғындардың тыныштығын бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өзара сыйластық танытуға және айналасындағы адамдардың тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 25 маусым 2026
Алматыда Рысқұлбеков көшесі қайтадан жабылатын болды
-
17:03, 25 маусым 2026
Қытайдағы дзюдодан Гран-при: Қазақстандық спортшылардың қарсыластары белгілі болды
-
16:56, 25 маусым 2026
Пойызда тәртіп бұзған үш жолаушы жауапқа тартылды
-
16:42, 25 маусым 2026
Әскерден қалдыруға уәде берген алаяқ 250 мың теңгені иемденіп кеткен
-
16:32, 25 маусым 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге арналған электронды рұқсат берілетін болады





