Астанада мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мүмкін

© Сурет: Ақорда
Астанада 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады.
"Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді. Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе", делінген хабарламада.
2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:53, 9 ақпан 2025
ТЖМ қызметкерлері 3 500 метр биіктікте аяғы сынған адамды құтқарды
-
10:48, 9 ақпан 2025
Қазақстан алғаш рет тарихында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды
-
10:48, 9 ақпан 2025
Қазақстан тарихта алғаш рет шорт-тректен Азия ойындарында алтын жеңіп алды
-
10:33, 9 ақпан 2025
Бүгін – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні
-
10:10, 9 ақпан 2025
Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында күміс медальға ие болды