Астанада Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері кездесті

© Сурет: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Астанада алғашқы Қазақстан-Қытай көлік форумы аясында екі мемлекеттің салалық ведомство басшылары Марат Қарабаев пен Лю Вэй кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан мен Қытай арасында көлік саласындағы ынтымақтастық артып келеді. Мәселен, 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ҚХР-мен экспорттық-импорттық автотасымалдау көлемі 82%-ға артып, 822 мың тонна жүк тасымалданды. Ал биылғы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысына сәйкес ҚХР-мен теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі 13%-ға артып, 11.4 млн тонна жүкті құрады". ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Астанада Қазақстан-Қытай көлік форумы аясында кездескен екі мемлекеттің салалық ведомство басшылары Марат Қарабаев пен Лю Вэй мынандай бірқатар өзекті мәселені талқылап, уағдаластықтарға қол жеткізді:
- Ертіс трансшекаралық өзенін пайдалана отырып, "Ресей – Қазақстан – Қытай" мультимодальды транзиттік дәлізін құруды
- трансшекаралық Іле өзені арқылы Қонаев қаласынан (ҚР) Инин қаласына (ҚХР) дейін өзен бағытын құру;
- "Майқапшағай-Зимұнай" өткізу бекетінде ауыр жүк көліктері өтетін жаңа шекара көпірін салу,
- ІІІ-ші әуе дәлізін ашуды жоспарлау;
- Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын Қытайдың көршілес аймақтарымен байланыстыратын екі жаңа автомобиль өткізу бекетін ашу мәселесін қарау;
- сондай-ақ тараптар "Алматы-Сиань" бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосуды, екі ел арасындағы әуе рейстері санын аптасына 65-ке дейін арттыруды көздеп отыр.
Айта кетсек, айтулы шараға екі елдің бизнес-қауымдастығы мен көлік-логистикалық компанияларының 300-ден астам өкілі қатысып жатыр.

Сурет: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 13 маусым 2025
Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты
-
22:40, 13 маусым 2025
Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
-
22:20, 13 маусым 2025
Тұман, бұршақ және найзағай: Алматыда және 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:07, 13 маусым 2025
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
-
21:52, 13 маусым 2025
Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды