Астанада ірілі-ұсақты 122 субұрқақ бар
Астанаға биыл жаз ерте келді. Сәйкесінше, шаһардағы субұрқақтар да мерзімінен бұрын іске қосылды. Қазір елордамызда 120-дан астам фонтан жұмыс істеп тұр.
Ақмарал Есімханова, тілші:
-Самал жел соғып тұратын субұрқақтың маңайында тынығып, демалғанға не жетсін. Қазіргі таңда Астана қаласындағы фонтандардың барлығы тұрғындардың сүйікті орнына айналған. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл шағын фонтан тек қана демалыс орны емес, балалар үшін, тіпті, кішігірім бассейн іспеттес. Себебі бұл фонтанның суы таза, тұнық әрі денсаулыққа зияны жоқ.
Биыл шіліңгір ыстықта субұрқақтарға деген сұраныс арта түскендіктен, фонтандардың жұмысы мерзімінен бұрын басталып кетіпті. Жаздың аптап ыстығында субұрқақтардың маңына тынығуға келген халықтың қарасы қалың. Ал мөлдір суда қызықтаған балаларда есеп жоқ.
Олжас Бураханов, оқушы:
-Бұл жаққа біз анда-санда келеміз. Бұл жақсы, суы тап-таза. Бұл жақта біз еркін демалып, өзіміздің денемізді шынықтырып аламыз. Бұл жақтың суы бізге ұнайды.
Қала қонақтары мен тұрғындарының сөзіне сенсек, Астанада ең көрікті 9 субұрқақ бар. Солардың бірі Ақорда маңында орын тепкен. Айта кетейік, елордалық субұрқақтарға бассейндермен тең күтім жасалады. Фонтандарды тазалаумен күн сайын 150 маман айналысады.
Мұрат Абраев, қызмет көрсетуші:
--Күніне екі рет тазалаймыз. Кісілер көп келеді. Техникалық үзіліс сағат 11-ден 12-ге дейін, кейін кешкі төрттен беске дейін.
Ақмарал Есімханова, тілші:
-Астана қаласында ірілі-ұсақты 122 субұрқақ бар. Олардың барлығы таңғы сегізден кешкі 11-ге дейін жұмыс істейді. Дегенмен Ақорда маңындағы бұл фонтан қазіргі уақытта техникалық үзіліске орай тоқтап тұр. Бірақ жауапты мамандар бұл фонтанды маған қосуға мүмкіндік берді.
Лиза Сол, турист /Қытай/:
-Астанаға алғашқы рет саяхаттап келдік. Қазақ елінің табиғатына, Астана қаласының сұлулығына тәнтіміз. Халықтың меймандарға деген ықыласы ерекше. ЭКСПО көрмесін тамашалап, шаһар көшелерін аралауды жөн санадық. Өте әсем!
Ерке Есілде жайғасқан бұл субұрқақтың шоуын асыға күтетін халық көп. «Күн» деп аталатын бұл фонтан түр-түсі және техникалық жағынан бірегей. Оны іске қосуға бір мезетте 70 газ бүріккіштің көмегімен, от және судың ойынын көрсетеді. Сонымен қатар жүйеге жоғары қысымды 836 насос пен 900 су бүріккіші қолданылады. Фонтанның музыкалық әрленуі өзгеше. Жергілікті музыканттар ЭКСПО халықаралық көрмесіне орай арнайы композиция әзірлеген.
Гауһар Нұрсейітова, Қызылорда қаласының тұрғыны:
-ЭКСПО-ны, Астананы аралап, міне, кешке фонтанды көріп жатырмыз. Қуаныштымыз. Қазақстанның, осындай еліміздің, Астанамыздың болғанына мақтанамыз.
Ерекше фонтан ел тұрғындарын күзге дейін қуантпақ.
Авторлары: Ақмарал Есімханова, Өмірбек Ізімов және Еркебұлан Тілеуғазы
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 15 желтоқсан 2025
«Барыс» көшбасшысы сыртта өткен матч барысында жарақат алды
-
21:12, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда





