Астана қалалық сотында судьялар жаңадан тағайындалды

19:11, 10 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қалалық сотта тағайындалған судьялар ұжымға таныстырылып, сондай-ақ кейбір судьяны құрметті отставкаға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов ҚР Президентінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі Жарлығымен тағайындалған елордалық соттардың судьяларын таныстырды.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы лауазымына тағайындалғандар:

  • Диана Қайратқызы Баймағамбетова, Жанар Ережепқызы Есембаева, Мақпал Талғатқызы Құмарова, Гүлжан Жомартқызы Құсайынова;

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымына тағайындалғандар:

  • Динара Сағидоллақызы Мұстафина, Эльвира Назымбекқызы Оразымбетова;

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы болып тағайындалғандар:

  • Динара Рысбекқызы Жүзбаева, Гүлмира Алашқызы Сүйеуова;

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып:

  • Мадияр Қанышұлы Ташев;

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып:

  • Роза Балғожақызы Жанәділова тағайындалды.

Сонымен қатар, сот төрағасы Ақан Жұмағұлов Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлжанна Қосайқызы Жолдасбаеваны құрметті отставкаға шығуымен құттықтап, сот төрелігі мен сот жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтіп, көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс білдірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!