Астана әуежайын дамытуға 500 миллиард теңгеден астам инвестиция салынады: ақша не үшін жұмсалады
© Фото: Zakon.kz
Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited (Terminals Holding, БАӘ бөлігі) Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын сенімгерлік басқару туралы 25 жылдық келісімге қол қойды. Оның аясында әуежайды дамытуға $1,1 млрд инвестиция салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігі инвестицияның қайда бағытталатынын түсіндірді:
"Инвестор екінші ұшып-қону жолағын, үшінші жолаушылар терминалын және жүктерді өңдеуге арналған жүк терминалын салады. Сондай-ақ инвестор Аэротрополис (Aero City) – индустриялық-логистикалық аймақ пен қонақ үйлер, сауда алаңдары, логистикалық терминалдары бар бизнес кластерін қамтитын көп функционалды кешенді дамытуды жоспарлап отыр. Қаражат халықаралық қауіпсіздік және тиімділік стандарттарына сәйкес келетін ұзындығы 3,5 км құрайтын жаңа (қосымша) ұшу-қону жолағының құрылысына жұмсалмақ."
Жаңа ұшу-қону жолағы әуежайдың өткізу қабілетін айтарлықтай арттырып, ұшып-қону операцияларын қатар жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Әуежайдың өткізу қабілетін 2033 жылға қарай жылына 15 миллион жолаушыға дейін және 2053 жылға қарай 30 миллион жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік беретін қолданыстағы Т2 жолаушылар терминалын кеңейту және жаңа халықаралық Т3 терминалының құрылысын бастау
"2053 жылға қарай жүк айналымын қазіргі максимум 12 000 тоннадан 130 000 тоннаға дейін ұлғайту мақсатында жүк терминалын жаңғырту, оның ішінде қойма кеңістігін кеңейту және заманауи логистикалық технологияларды енгізу." Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Барлық инвестициялар Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің қаражатын пайдаланбай жүзеге асырылатынын ерекше атап өткен жөн.
Біздің серіктестік барлық тараптардың мүдделерін толығымен ескеретінін ерекше мақтан тұтамыз. Негізгі инфрақұрылымға меншік құқығы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-да қалады, ал мемлекет бюджетке тұрақты кірістерді алуды жалғастырады.
Әуежайдың барлық қызметкерлері кепілдендірілген тұрақты жұмысқа орналасу арқылы өз жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар біздің бағдарламамызда қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша арнайы бастамалар бар.
Мамыр айының басында Алматы әуежайын дамытудың ауқымды жоспарлары туралы белгілі болды. 2025-2029 жылдар аралығында TAV Holding басқарушы компаниясы әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестициялайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты
-
20:08, 9 маусым 2026
Алматыда бес жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті





