Астана әкімдігінің білім грантын иеленгендердің есімдері белгілі болды
© Фото: Zakon.kz
Астана әкімдігі жергілікті атқарушы органның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мемлекеттік гранттары берілетін азаматтардың тізімін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті қаулыға 2026 жылғы 20 тамызда елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды.
Грант иегерлерінің тізімі еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, 2026-2030 оқу жылдарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы негізінде бекітілді.
Құжатта грант иегерлерінің үш санаты көрсетілген:
- 2026-2030 оқу жылдары күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білімді мамандар даярлауға арналған Астана қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі.
- 2026-2029 оқу жылдары күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі (резидентура).
- 2025-2026 оқу жылындағы емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жоғары білім алу процесінде босаған жергілікті атқарушы органның бос білім гранттарына және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өткізген конкурстардың нәтижелері бойынша грант иегерлерінің тізімі.
Астана әкімдігінің мемлекеттік білім гранттарын кімдер иеленгенін осы жерден білуге болады.
2026 жылғы 7 тамызда Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімін жариялаған еді. 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 21 тамыз 2026
Астана, Алматы және Шымкентте демалыс күндері ауа райы қандай болады
-
17:07, 21 тамыз 2026
Таеквондошылар Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде топ жарды
-
16:58, 21 тамыз 2026
Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады
-
16:51, 21 тамыз 2026
Балет әртістеріне берілетін төлемдерді тағайындау тәртібі өзгерді
-
16:47, 21 тамыз 2026
Цифрлық нысандардың жіктеу жүйесін қалай жүргізеді: жаңа ережелер





