«Асаба ісі»: Атырау облысында қанды оқиға куәгерлері сотталды
2019 жылы Атырау облысында асабаны өлтіру фактісі бойынша үш адамға сот үкімі шықты. Бір жылдан кейін бұл іс бойынша қылмыстың куәгерлеріне қатысты тағы бір сот болды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Ақ жайық" басылымы жазғандай, "Асаба ісі" деген атпен 2019 жылдың наурызында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының үш тұрғыны сотталды. Қайғылы оқиға Сағыз ауылының шетінде болды. Үйлену тойында сотталушылардың бірі Е мен асаба Беркін арасында өзара келіспеушіліктер туындайды. Кейінірек, екеуі достарын жинап, жанжалды шешу үшін ауыл шетінде кездеседі. Төбелес кезінде Е. ас үй пышағын Беркіннің кеудесіне сұғады. Оның өмірін сақта қалу мүмкін болмады.
Сондай-ақ төбелес кезінде Е-нің жақтастарының бірі 16 калибрлі мылтықтан оқ атып, екі адамды жаралады. Атыс болғаннан кейін бәрі қашып кетті. Атысқан адам ауылдасынан мылтықты жасыруын сұрайды, ол оны үшінші бір адамға тапсырады. Сот үкімімен асабаға пышақ сұққан адам қатаң режимдегі колонияда 11 жылға бас бостандығынан айырылды, оқ атқан адамға 4 жыл берілді, ал мылтықты жасырған адамға 481 000 теңге айыппұл салынды. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық істі қарау кезінде кісі өлтіру куәгерлерінен куә ретінде жауап алынды. Сотта, белгілі болғандай, алты адам жалған айғақтар берген.
Арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеуді бастады.
- Тергеу нәтижесінде алты куәгер де өз кінәсін мойындап, өз әрекеттерін айыпталушыларды жауапкершіліктен босату мақсатында сотта жалған айғақтар бергендігімен түсіндіріп, прокурормен процессуалдық келісім жасасты. Атырау қаласының No2 сотының үкімімен төртеуі кінәлі деп танылып, оларға сынақ мерзімімен 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қалған екеуі кінәсін мойындады, сондай-ақ прокурормен процессуалдық келісім жасалды, деп хабарлады соттағылар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:22, 1 сәуір 2026
Қыз анасына ренжіп, терезеден 88 мың долларды лақтырып жіберген
-
09:15, 1 сәуір 2026
Мемлекеттік қызметке қабылдау 1 сәуірден бастап толық онлайн форматқа көшеді
-
09:07, 1 сәуір 2026
Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады
-
22:50, 31 наурыз 2026
Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды
-
22:19, 31 наурыз 2026
Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының чемпионы атанды





