Арина Соболенко WTA енгізген гендерлік тестілеуден өтуге дайын екенін мәлімдеді

12:27, 5 тамыз 2026
MKZ: 1559768

© Сурет: j48tennis

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко әйел теннисшілер үшін гендерлік тестілеуді енгізу бастамасын қолдап, өзі де бұл тексеруден өтуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы белорусьтік теннисші 3 тамыз күні Торонтода өткен WTA 1000 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Журналистер одан WTA ұйымының жаңа ережесіне қатысты пікірін сұрады. Шілде айында ұйым өз жарыстарына қатысу үшін спортшылардың SRY геніне (еркектердің Y-хромосомасындағы ген) бір реттік міндетті тестілеуден өтуін талап ететін саясатты енгізген болатын.

"Біздің турда әділ бәсекенің сақталғаны өте маңызды деп есептеймін. Биологиялық тұрғыдан алғанда ер адамдар әйелдерге қарағанда әлдеқайда мықты. Сондықтан әйелдердің биологиялық ер адамдармен жарысуы әділетсіз болар еді. Меніңше, WTA бұл шешімді қабылдауға біраз уақыт жұмсады, бірақ оның қабылданғанына қуаныштымын", – деді Соболенко.

Белорусьтік спортшы өзі де мұндай тексеруден өтуге дайын екенін атап өтті.

"Егер бәріміз осындай тестілеуден өтуіміз қажет болса, мен оған қуана келісемін. Бұл – әділ шешім. Сондықтан осы тәртіпті сақтайық", – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Соболенко соңғы ірі жеңілісінен кейін аздаған үзіліс алып, жаңа күшпен кортқа қайта оралғанын мәлімдеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!