СҚО-да интернет-алаяқтық схемасына қатысушыға қатысты сот үкімі шықты
© Фото: unsplash
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қашықтан жасалған интернет-алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп, оның нәтижесінде қылмысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімінің шығарылуын қамтамасыз етті.
Алаяқтар Петропавл қаласының тұрғынына банк қызметкерлері ретінде хабарласып, оның банк шотындағы қаражатқа бөгде адамдар қол жеткізгенін айтқан. Олар ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару арқылы қорғау қажет деген желеумен жәбірленушіні несие рәсімдеуге және алынған қаражатты өздері көрсеткен есепшотқа аударуға көндірген.
Осыдан кейін қылмыстық схеманың қатысушыларының бірі көршілес Павлодар облысының орталығы – Павлодар қаласында банкомат арқылы жәбірленушіге тиесілі 2 млн 860 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, кейін ұрланған қаражатты криптовалютаға айырбастаған.
Ол атқарған "қызметі" үшін ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырған. Ізін жасыру мақсатында банкомат жанында медициналық бетперде мен кепка киіп жүрген. Алайда бұл әрекеттері көмектеспеді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.
Ол – Павлодар облысының 21 жастағы тұрғыны. Сот оның заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру міндетін әдейі орындағанын анықтады. Оған бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сот оны жәбірленушіге келтірілген 2 790 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді.
Полицейлер азаматтарға ескертеді: банк қызметкерлері де, құқық қорғау органдарының өкілдері де ешқашан несие рәсімдеуді, ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды немесе қандай да бір қаржылық операцияларды орындауды талап етпейді. Осындай қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, банкке немесе полицияға өзіңіз хабарласу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:52, 5 тамыз 2026
Аты жаман ауруға шалдыққан қазақстандықтың банк алдындағы борышы кешірілді
-
14:24, 5 тамыз 2026
Алматы хайуанаттар бағындағы кубалық қолтырауын Фидель 40 жасқа толды
-
14:19, 5 тамыз 2026
Қазақстанның Бас прокуроры жасанды интеллект саласындағы танымал сарапшымен кездесті
-
14:08, 5 тамыз 2026
Алаш тасжолында 20 күнге қозғалыс ішінара шектеледі: Астана әкімдігі бұған не себеп екенін түсіндіріп берді
-
13:57, 5 тамыз 2026
Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың 30 жыл ішінде айтқан ой-тұжырымдары жинақталған кітап жарық көрді





