Жетісайдағы тойдың «жарық жұлдызы» тұтқындалды
© Сурет: polisia.kz
Бүгін, 2026 жылғы 5 тамызда ҚР Ішкі істер министрлігі Түркістандағы тойдың "жұлдызы" тұтқындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство әлеуметтік желілерде Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының жария айтқан сөздері түсірілген бейнежазбаның таралуына байланысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын еске салды.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ҚР ІІМ атап өткендей, ел Конституциясында бекітілген:
- Қазақстанның зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет екені, ал адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылықтар екені бекітілген (1-бап).
- Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, жынысына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға байланысты кез келген кемсітуге тыйым салынады (16-бап).
- Сонымен қатар сөз бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпауға тиіс, ал діни және әлеуметтік араздықты насихаттауға жол берілмейді (23-бап).
"ІІМ ескертеді: адамның қадір-қасиетін қорлайтын, әйелдерді кемсітетін, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыратын не қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған кез келген жария мәлімдемелерге заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Түркістан облысындағы дүбірлі тойдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, тіпті құқық қорғау органдарының да назарына іліккенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:52, 5 тамыз 2026
Аты жаман ауруға шалдыққан қазақстандықтың банк алдындағы борышы кешірілді
-
14:24, 5 тамыз 2026
Алматы хайуанаттар бағындағы кубалық қолтырауын Фидель 40 жасқа толды
-
14:19, 5 тамыз 2026
Қазақстанның Бас прокуроры жасанды интеллект саласындағы танымал сарапшымен кездесті
-
14:08, 5 тамыз 2026
Алаш тасжолында 20 күнге қозғалыс ішінара шектеледі: Астана әкімдігі бұған не себеп екенін түсіндіріп берді
-
13:57, 5 тамыз 2026
Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың 30 жыл ішінде айтқан ой-тұжырымдары жинақталған кітап жарық көрді





