Аралды құтқару қоры мемлекеттер басшылары кеңесінде қандай құжаттарға қол қойылды

20:09, 22 сәуір 2026

© Сурет: akorda.kz

2026 жылғы 22 сәуірде өткен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінде бірқатар келісімшарттар жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • "Халықаралық Аралды құтқару қорына Қазақстан Республикасының төрағалық ету барысы туралы" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • "26 наурызды Арал теңізінің, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау жөнінде" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • "Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана мәлімдемесі.

Бұған дейін Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!