Аралдағы түйе табандарының түсуі белгілері аса қауіпті аурулар қатарына кірмейді
© Фото: zakon.kz
Қызылорда облысы, Арал ауданында биылғы жылдың маусым айының соңғы он күндігінде түйе табандарының түсу белгілері анықталып, жергілікті билік тарапынан жедел шаралар қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгінгі күні Арал ауданының Аққұм, Қарақұм ауылдық округтері және Жақсықылыш кентінде 24 бас түйелердің ауруы тіркелді. Ветеринар мамандар ауру белгілері бар түйелерге клиникалық тексеруді бастап, "Некробактериоз" болжамды диагнозын қойып отыр. Алайда, сала мамандары түйе малындағы аталған ауру аса қауіпті аурулардың қатарына жатпайтындығын растап отыр.
Ауру белгілері анықталған өңірдегі ахуалға сәйкес жауапты сала мамандары шұғыл түрде баспасөз брифингтерін өткізіп, қажетті шаралар мен болжамды себептерін атап өтті.
Некробактериозбен жануарлардың барлық түрлері ауырады. Бұл ауру әсіресе қажетті жем-шөп қорегінің аздығынан, қуаңшылықтың болуынан қыстан арық, көтерем болып шыққан, иммунитеті төмен малдарда жиі кездеседі. Яғни бактериялар жарақат алған жануарларда тарайды. Көбінесе ауырған түйелердің табанын зақымдап, мазольді қабатын бұзып түсіреді. Сондай-ақ, лайлы-шалшық жерлерде, көктемде қора-жайларға механикалық антисанитарлық жұмыстардың жүргізілмеуінен пайда болады.
Ветеринар дәрігерлер ауырған түйелерді емдеу үшін түрлі антибиотиктерді қолдануда. Оның ішінде "Бициллин-3", "АСД фракция-3" ерітіндісі, "Ашокси", "Нитокс-200" ветеринариялық препараттарын малдарға егу жүргізілуде. Препараттар мал иесінің өз қаражаты есебінен егілуде. Оған шамаман 8 000-нан 10 000 теңгеге дейін қаражат жұмсалады.
Қазіргі күні ауырған түйе малдарының жағдайы қалыпты деңгейде. Ауырған 24 бас түйенің бүгінде 14-і сауыққан. Ал, қалған 10 бас түйеге емдік шаралары жүргізіліп жатыр, - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дармағанбетов.
Бүгінгі күні ветеринар мамандар мал иелеріне емдеу процесін тегін жүргізіп жатыр. Мал аурулары тұрақты бақылауға алынған.
Айта кетейік, ауру белгілері анықталған түйелерден қосымша сынама алынуда. Сынамалар Республикалық ветеринарлық лабораторияның Қызылорда облысындағы филиалына тапсырылатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды
-
19:45, 15 желтоқсан 2025
Берлиндегі АҚШ пен Украина келіссөздерінің қорытындысы жария болды





