Анталья әуежайында босанып, нәрестесін қалдырып кеткен «көкек анаға» қатысты Түркияда қылмыстық іс қозғалды
© Фото: pexels
18 жастағы ресейлік Анталья әуежайының дәретханасында босанып, нәрестені тастап, ұшып кетпек болған. Қазір ол осы әрекеті үшін Түркияда сотталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 жастағы Екатерина Бурнаскина өзінің жағдайы туралы бала туылғаннан кейін ғана білді, артық салмағы мен гормоналды мәселелеріне байланысты бұл жайында мүлдем күдіктенбеген.
Жас ананың Ресейге ұшар күні іші қатты ауырып, дәретханаға бірнеше рет барып, баланы сонда дүниеге әкелген.
Бурнаскинаның қорыққаны соншалық, баланы тастап, ұшуға тіркелу бөлімшесіне асыққан. Алайда, қашып құтыла алмаған. Дәретханадағы баланы тазалаушы әйел тауып алды, ал әуежай әкімшілігі полиция шақырды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері камералардың көмегімен, бұл кімнің әрекеті екенін дереу тапты. Күдіктімен қатар оның анасы да қамаққа алынды. Қазір оларға қатысты "баланы қауіп-қатерге қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал, нәресте Түркиядағы әлеуметтік қызметкерлердің қолына берілді. Сондай-ақ, Ресей елшілігі оған Ресей азаматтығын берді.
Бұған дейін Американдық әйелдің жаңа туған нәрестені 150 долларға сатпақ болғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:00, 5 қараша 2024
Қостанайда екі полицейді қағып кеткен адамға қатысты үкім шықты
-
12:49, 5 қараша 2024
Павлодарда есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
-
12:38, 5 қараша 2024
Талғардағы жер сілкінісі сәтінен бейнероликтер тарады
-
12:26, 5 қараша 2024
Қытайлық ғарыш станциясының экипажадары өзге әлемдегі 6 айлық зерттеуден кейін Жерге оралды
-
12:09, 5 қараша 2024
Нигерия президенті өлім жазасына кесілген балаларды босатуды бұйырды