Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды

22:03, 2 қараша 2026
MKZ: 1575597

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 200 метрге брасс әдісімен жүзуден ақтық сында 2:20.75 уақыт нәтижесін тіркеп, алтыншы орынға тұрақтады.

Жапониялық Иори Миядзаки 2:12.33 уақыт көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алды.

Домас Вилимас (Литва) 2:13.50 нәтижесімен екінші орын алды. Ал өзбекстандық Мухаммадисмаил Рахмонов 2:15.79 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!