Америкалық сарапшылар Қазақстанның сыртқы саяси бағыты жайлы: ақылды әрі салмақты шешім
© Сурет: Ақорда
10 қарашада таңертең The Washington Post басылымында "Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу жолы" атты үлкен мақала жарияланды. Бұл арада басылым Қазақстанның аталған келісімдерге қосылудағы себептерін тереңнен талдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Материалда ел президентінің дипломатиялық тәжірибесі мен стратегиялық ойлау деңгейі оң сипатта бірнеше мәрте айтылып, Қазақстанның бұл қадамы әбден ойластырылған, прагматикалық және мұқият есеппен жасалған ишарат ретінде көрсетіледі.
Алайда басында бұл ұстаным Вашингтондағы көптеген адамды аң-таң еткені, келісімдерге қосылу себептеріне қатысты сұрақтар да туындағаны атап өтіледі, ең бастысы, бұл қадам президент Трампқа берілген белгі секілді көрінетіні де нақтыланады. Дегенмен бұл ретте "Қазақстан неғұрлым прагматикалық мақсатты көздейтіні" мойындалады, ал елдің іс-әрекеті оның сезімтал геосаяси ортадағы жағдайына қарай табиғи сипатқа ие екені де айтылады. Қазақстанның келісімдерге қосылуы, сондай-ақ Ақ үйдегі кездесулері Мәскеу мен Бейжіңнен тәуелсіз екенін таныта алады деген пайым да алға тартылады. Қорытынды тұсында "Авраамның келісімдеріне қосылу – бұл Вашингтонның оң назарын аудару үшін жасалған ақылды әрі прагматикалық қадам" екені айтылады.
Сондай-ақ, мақалада президент Тоқаевпен C5+1 форматындағы кездесулер қарсаңында алынған қысқаша сұқбат, сондай-ақ америкалық зерттеу орталықтарының екі сарапшысының пікірлері де келтірілген. Олар Қазақстанның шешімін "Ресейге қатысты геосаяси тәуелділіктерді әртараптандыруға бағытталған, "аз шығынды", бірақ АҚШ пен Трампқа берілген тиімділігі жоғары белгі" деп сипаттайды. Сондай-ақ, америкалық ұстанымның контексті былайша көрсетілген: "Трамп Қытайдың үстемдігіне қарсы тұру үшін маңызды минералдарды жеткізуде жаңа тізбек құруға ниетті".
The Washington Post үшін бұл материал маңызды болып табылады: АҚШ-қа C5 форматында жасалған сапар америкалық ортамен қарым-қатынастарды қайта бастау және Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықты кеңейтуге деген жігерін растау ретінде түсіндіріледі.
Бұған дейін Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер жүргізгені хабарланған болатын. Көп ұзамай Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Авраам келісімі немесе Ибраһим келісімі, бұл - Израиль мен араб елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған келіссөздер. Бейбіт келісім 2020 жылдың күзінде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Марокко арасында жасалды. Бұл бастаманың жүзеге асуына Трамп әкімшілігі күш салды (2017-2021).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:17, 8 тамыз 2026
Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден өтініштер қабылдау 10 тамыздан басталады
-
17:07, 8 тамыз 2026
Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады
-
16:20, 8 тамыз 2026
Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер
-
16:11, 8 тамыз 2026
Садақ атудан 2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
-
15:59, 8 тамыз 2026
Арлан Жаңабай триатлоннан өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді





