Алтай қаласына жаңа әкім тағайындалды

17:37, 1 наурыз 2021

© Сурет: Баспасөз қызметі

ШҚО-дағы Алтай қаласының жаңа әкімі болып Игорь Оконешников тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтай ауданының басшысы тұрғындарға аудан орталығының жаңа әкімін таныстырды.

Игорь Георгиевич 1966 жылы 3 наурыз күні Зырян қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Лениногор орман шаруашылығы техникумын "Техник-механик" мамандығы бойынша, 1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "Машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар мен аспаптар" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Жаңа әкімнің жалпы еңбек өтілі 30 жылдан асады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!