Алматылық журналистің үйінде танымал тұлғалардың қолтаңбасы қалған 200 картина сақтаулы тұр
© Сурет: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматылық журналист Аслан Шымырбаевтың үйінде танымал тұлғалардың қолтаңбасы қалған 200 картина сақтаулы тұр. Әрқайсысын қоғам қайраткерлері суретшіге салдырып, эстафетаны сосын өздері тұлға санайтын басқа бір адамға беріп отырыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әр туынды өз алдына автордың іштегі ышқынысы мен арман-мақсатынан сыр шертетін психологиялық портрет.
Жоба былай басталған – танымал тұлға болашақ картинаның нобайын салып, кәсіби суретшілер сол идеяны кенепке түсіріп, дайын жұмысқа эскиз авторының қолтаңбасы қойылған. Кейін оны эстафета қылып басқа адамға беріп отырыпты.

Сурет: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі
Асланның айтуынша, коллекцияның ішіндегі ең қиын әрі ең құндысы – жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен сұқбат алған кезі болыпты. Әңгіме кезінде Нұрпейісов одан "Қан мен тер" романын оқыған-оқымағанын сұрап, кейін әрқайсысының қолына бір-бір кітап ұстатқан.
Журналист автордың өзімен бірге төрт сағат отырып, сол трилогияны соңына дейін оқып шығыпты. Бұл оқиғаны Шымырбаев өзінің өмір жолында болған ең қызықты сәт ретінде еске алды.
Былтыр Францияда өткен Юнеско-ның көрмесіне қатысып, картиналары 64 халықаралық диплом алған. Келер жылы астанада да көрме өткізбек ойда.

Сурет: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі
Асылан Шымырбаев осы коллекцияны жұртшылыққа көрсету үшін жеке галереяны ашуды армандайды. Әсіресе Жансейіт Түймебаев пен Болат Хамзиннің қолтаңбасы қалған картиналардың ЮНЕСКО-ның әлемдік календарына енгенін ерекше мақтанышпен айтып отыр. Автордың айтуынша, мұндай оқиға Қазақстанның тарихында бұрын-соңды болмаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 2 наурыз 2026
Таяу Шығыс аймағынан 4 мыңға тарта отандасымыз елге қайта алмай отыр - БАҚ
-
22:05, 2 наурыз 2026
Өскемен әуежайының экс-басшысы 8 жылға сотталды
-
21:33, 2 наурыз 2026
Үкіметте су тасқыны қаупінің деңгейі жоғары өңірлердің аты аталды
-
21:16, 2 наурыз 2026
Көкшетауда бүтін бір отбасы иіс тиіп, ауруханаға түсті
-
21:00, 2 наурыз 2026
«Көктайғақ, тұман, боран». Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





