Алматылық студенттер азаматтық қорғаныс эстафетасында бақ сынасты
© Сурет: Алматы ТЖД
Алматы қаласында өткен азаматтық қорғаныс бойынша қалалық эстафетаға 20 колледждің командалары қатысып, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың практикалық дағдыларын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, эстафета бағдарламасына мыналар кірді:
- кедергілер жолағынан өту;
- газқағарды жылдам әрі дұрыс кию;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
- зардап шеккен адамды төтенше жағдай аймағынан эвакуациялау.
"200-ден астам қатысушы уақытқа жарысып, тек физикалық дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік алгоритмдерін меңгергендерін көрсетті",- делінген ақпаратта.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің командасы иеленді. Екінші орынға Алматы политехнологиялық колледжінің студенттері жайғасты. Ал үшінші орынды Алматы мемлекеттік бизнес-колледжі мен тағы бірнеше студенттік команда өзара бөлісті.

Сурет: Алматы ТЖД
Сайыс нәтижесінде ең үздік уақыт көрсетіп, тапсырмаларды дұрыс орындаған командалар Алматы қаласы ТЖД басшысының атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бұған дейін Алматыда ХҚКО қызметкерлеріне жер сілкінісі мен өрт кезіндегі әрекеттер үйретілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:33, 20 наурыз 2026
Денсаулық сақтау дамуының тұжырымдамасын жүзеге асыру 2029 жылға дейін ұзартылды
-
15:20, 20 наурыз 2026
Тұрғын үй қорының тұрғын үйін беру ережелеріне өзгерістер енгізілді
-
15:08, 20 наурыз 2026
Қанат Бозымбаев Алатау қаласын салуда билік қандай принциптерге сүйенетінін айтып берді
-
14:54, 20 наурыз 2026
Талдықорғанда есірткі сату арнасы әшкереленіп, 5 келіден астам гашиш тәркіленді
-
14:47, 20 наурыз 2026
Автожолда бақылау камераларын алдамақ болған қазақстандық көзге түсіп, қамауға алынды





