Алматылық мопед жүргізушілері шетінен айыппұл арқалауда

16:09, 15 сәуір 2025

© Фото: pexels

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болған күннен бастап мопед жүргізушілерінің 15 сәуірге дейін жол ережелерін қаншалықты бұзғаны жайлы статистиканы келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 5 сәуірден бастап 609 мопед жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде тіркелмеген мопедтер үшін де жауапқа тартылған. Негізгі бұзушылықтар – қызыл түске өту, жаяу жүргіншілер жолымен жүру, тіпті мас күйде басқару.


"Бүгінгі таңда 221 мопед айыппұл тұрағына қойылды", – деп қосты ПД.

Полиция қаладағы мыңға жуық "Сергек" камерасы мопедтер жасаған бұзушылықтарды анықтай алатынын, оларда артқы мемлекеттік нөмірлерді тану функционалы бар екенін атап өтті.

Бұған дейін Алматыда мопед жүргізушісін қуған полицейлердің әрекеті желіде тарап кеткендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!