Алматыға қалың қар жауды: бір тәулікте 17 см қар түсіп, көшелерге 2,7 мыңнан астам коммуналдық қызметкер шықты

11:56, 25 ақпан 2026

© Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда 2026 жылғы 24 ақпаннның таңынан бері қар жаууда. Бүгін, 25 ақпан сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша қалаға 17 сантиметр қар түскен. Қалалық әкімдік коммуналдық қызметтер ауа райының қолайсыздығының салдарымен қалай күресуде екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа бастаған сәттен-ақ жолдарға мұзға қарсы материалдар себіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жұмылдырылған:

  • 75 жедел бригада;
  • 2 710 жол жұмысшысы;
  • 1 225 арнайы техника.

Сонымен қатар, негізгі магистральді көшелерде 203 құрама жол тазалау техникасы жұмыс істеуде.

"Түнгі сағат 01:00-ден бастап қар тазалау жұмыстарына жол-патрульдік полицияның сүйемелдеуімен 26 техника колоннасы шыққан. Ал сағат 02:00-ден бастап 95 шағын габаритті техника тротуарлар мен қоғамдық кеңістіктерді тазалауға кірісті",- делінген ақпаратта.

Сурет: Алматы әкімдігі

Аялдамалар, жаяу жүргіншілер өткелдері, баспалдақтар мен пандустар қолмен тазартылуда.

Қалалық әкімдік коммуналдық қызметтер ауа райы толық тұрақталғанға дейін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!