Алматыдан Лондонға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Атырауға шұғыл қонды
© Сурет: pixabay
Бүгін, 2025 жылы 22 маусымда Алматыдан Лондонға ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Атырауға шұғыл қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Air Astana ұшағының Атыраудағы әуежайға шұғыл қонғаны туралы ақпарат Atyrau Online Telegram арнасында пайда болды. Мәжбүрлі түрде қонған ұшақтың, негізінен, Лондонға бағыт алғаны айтылады.
Кейіннен Алматы-Лондон бағыты бойынша KC663 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы қарсы желдің салдарынан артық жүктемені болдырмау мақсатында жанар-жағармай құйып алу үшін Атырауға қосымша қонғаны белгілі болды.
Бұған дейін TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы 2025 жылғы 22 маусымда түстен кейін Астана маңында апатқа ұшырағаны хабарланған.
Сондай-ақ Астана маңында ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 25 мамыр 2026
Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады
-
21:56, 25 мамыр 2026
Айбота Ертайқызы: Азия чемпионатының финалында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын
-
21:34, 25 мамыр 2026
Путинцева «Ролан Гаррос-2026» турнирінде аустралиялық қарсыласынан басым түсті
-
20:56, 25 мамыр 2026
Сейсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:25, 25 мамыр 2026
Астанада полиция есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстады





