Алматыдағы тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты
© Сурет: ТЖД Алматы
2026 жылғы 23 тамыз түні Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болып, 148 адам құтқарылды. Бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 22:49-да "101" нөміріне Әди Шәріпов көшесі, 145 мекенжайындағы 13 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері бес минуттан кейін оқиға орнына жеткенде, екінші кіреберістің техникалық бөлмесі мен қабаттарында кабельдердің, сондай-ақ бірінші кіреберістің 7-13-қабаттарындағы электр қалқандарының жанып жатқаны анықталды. Жедел шаралардың нәтижесінде өрт сағат 23:57-де оқшауланып, 00:14-те толық сөндірілді. Құтқару қалқандарын пайдаланып, баспалдақ арқылы 148 адам, оның ішінде тоғыз бала құтқарылды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендердің бірі ес-түссіз күйде табылған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері реанимациялық шаралар жүргізгенімен, әйелді құтқару мүмкін болмаған.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның шамамен 90 қызметкері мен 25 арнайы техникасы жұмылдырылды.
"Өрттің өршуіне оның кеш хабарлануы себеп болған. Тұрғындардың айтуынша, алдын ала автоматты өрт дабылы өрт сөндіру бөлімшелеріне қоңырау шалынғанға дейін шамамен бір жарым сағат бұрын іске қосылған. Алайда тұрғындар өрт туралы өртке қарсы қызметке уақытылы хабарламаған", – деп толықтырды ТЖД.
Сондай-ақ ТЖД мамандары бұған дейін ғимаратты тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғанын анықтап, оларды ретке келтіру туралы жауапты тұлғаларға нұсқама бергенін хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 24 тамыз 2026
Қазақстанда электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады
-
17:25, 24 тамыз 2026
Павлодарда ер адам баласымен бірге жер астына түсіп кетті
-
17:21, 24 тамыз 2026
Тоқаев шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты
-
17:09, 24 тамыз 2026
«Ойын басталды!»: Ұлытау жастары салауатты өмір салтын интеллектуалдық квестпен дәлелдеді
-
17:05, 24 тамыз 2026
Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады





