Алматыда жол талғамайтын көлік газ құбырын соғып, жүздеген үй газсыз қалды
© Сурет: "QazaqGaz Aimaq" АҚ
Алматының Түрксіб ауданында 6 қараша күні Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі көше бойындағы газ құбырының тіреулерін соғып, 653 абонент газсыз қалды, деп хабарлады Zakon.kz-ке "QazaqGaz Aimaq" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, соқтығысу салдарынан орта қысымды шамамен 10 метр газ құбыры бүлініп, алты тіреу деформацияланған. Сондай-ақ газдың шығуы тіркелген.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында авариялық қызмет газ беруді уақытша тоқтатты. Салдарынан 653 абонент – оның ішінде 646 жеке үй, 3 шағын бизнес нысаны және 4 өндірістік кәсіпорын газсыз қалды.
Газ қызметінің мамандары оқиға орнына дереу жетіп, зақымданған аумақты оқшаулап, газдың шығуын толық жойды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Апат болған аумақ қоршалып, тәулік бойы бақылауға алынған.
"Тұрғындардың қауіпсіздігі мен газбен қамтудың сенімділігі – біздің басты басымдығымыз. Барлық күш-жігер газ беруді мүмкіндігінше тез қалпына келтіруге және тұтынушыларға келтірілген қолайсыздықты азайтуға бағытталған", - деп хабарлады жергілікті газ қызметі.
Оқиға туралы жол полициясы қызметкерлеріне хабар беріліп, жүргізушіні жауапкершілікке тарту туралы өтініш жолданған.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады және газдың иісі сезілген жағдайда дереу 104 нөміріне хабарласуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:08, 26 шілде 2026
Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді
-
13:41, 26 шілде 2026
Қытайда алапат тайфуннан жүздеген мың адам эвакуацияланды
-
13:10, 26 шілде 2026
Алматы полициясы футбол жанкүйерлеріне үндеу жасады
-
12:59, 26 шілде 2026
Тісті емдеткеннен кейін ақтаулық тоғыз жасар бала жақ сүйегінің басым бөлігінен айырылды
-
12:13, 26 шілде 2026
Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты





