Алматыда заңсыз келген еңбек мигранты анықталды

12:56, 15 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Алматыда полицияның "Заңсыз келуші" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында еңбек мигранты анықталды. Африка құрлығынан келген азамат қаладағы мейрамханалардың бірінде ыдыс жуушы болып жұмыс істеген.

14-18 қазан аралығында Қазақстан бойынша "Заңсыз келуші – 2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Шараның басты мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын анықтау, сондай-ақ онымен байланысты басқа да құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесу.

Іс-шараның алғашқы күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 214 адам анықталды, оның ішінде 157-сі шетел азаматтары.

Сонымен қатар сот шешімін орындамай, елден шықпаған 8 шетелдік те анықталды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Полицияның мәліметінше, кешегі түнде Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінен 50-ге жуық шетелдік еңбек мигранты табылған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!