Алматыда түнгі уақытта Жандосов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
© Фото: Zakon.kz
Алматыда 12 қыркүйек сағат 23:00-ден бастап 14 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Жандосов көшесінде құбыр мен кәріз жүйесін жүргізуге байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және су шаруашылығы басқармасы хабарлады.
Қозғалыс төмендегі учаскелерде шектеледі:
- Жандосов – Дәулеткерей көшелерінің қиылысы (400 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
- Жандосов – Дәулеткерей көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
- Жандосов – Айманов көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
- Жандосов – Бекешев көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі).
Бұл аумақтар екі ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға байланысты шектеліп отыр:
- "Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу" – жалпы ұзындығы 34,9 шақырымдық магистральды кәріз коллекторы салынады. Жоба Наурызбай және Алатау аудандарының 175 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарының шамамен 20 мың тұрғынын орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.
- "Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданында су және кәріз желілерін салу" – аумақтың инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға, ауыз су беруді тұрақтандыруға және кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарын алдын ала жоспарлап, баламалы бағыттарды таңдауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.
Еске саламыз, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS және Яндекс карталары сервистерінде жарияланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты
-
20:08, 9 маусым 2026
Алматыда бес жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті





