Алматыда психотроптық зат таратпақ болғандар ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттардың заңсыз айналымы дерегінің жолын кесті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданында полиция қызметкерлері Jetour автокөлігін тоқтатты.
Кейінге қалдыруға болмайтын тінту барысында алдыңғы жолаушы орындығының төсенішінің астынан қара түсті барсетка табылды.
Оның ішінен изолентамен оралған, ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар орама тәркіленді. Тергеу барысында тәркіленген заттың психотроптық зат — мефедрон екені анықталды. Оның жалпы салмағы 392 грамды құрады.
Психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 23 және 46 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Екеуіне де қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ұсталғандар Жетісу облысының аумағында жасырын орындарға есірткі қойып кету арқылы психотроптық заттарды өткізумен айналысқан.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:18, 3 қыркүйек 2026
Серік Жұманғарин қызметінде қалды – президент жарлыққа қол қойды
-
10:02, 3 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Қойшыбаевты қайта тағайындады
-
09:55, 3 қыркүйек 2026
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды
-
09:47, 3 қыркүйек 2026
Астанада Өзбекстан профессоры тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды: ҰҚК жауап берді
-
09:36, 3 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және тағы төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасалды





