Алматыда полиция күшейтілген қызмет тәртібіне көшті
© Фото: primeminister.kz
Бүгін Алматыда қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстаннан Заппаровтың төрағалығымен кешенді полиция күштерінің біріккен саптық таралымы өткізілді.
Іс-шара мерекелік күндер кезінде қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында полицияның қызметін күшейтілген тәртіпке көшіру аясында ұйымдастырылды.
Арыстанғали Заппаров жеке құрамға басты міндеттерді айқындап берді: қоғамдық тәртіпті сақтау, алдын алу шараларын күшейту және құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету.
Әсіресе халық көп шоғырланатын орындарды патрульдеу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ альтернативті көліктерді пайдалану кезінде ережелердің сақталуын бақылау бағыттарына ерекше назар аударылды.
"Біз мерекелік күндері тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметті күшейтілген тәртіпте атқаруға көштік. Полицияның негізгі мақсаты – Заң және тәртіп. Әрбір қызметкер өз міндетін жауапкершілікпен, мұқият әрі принципшіл түрде орындауы тиіс. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, құқық бұзушылықтар дер кезінде анықталып, жолы кесіледі, – деді Арыстанғани Заппаров.
Қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Оның аясында жаяу және автопатрульдер күшейтілді, кинологиялық қызмет мамандары, учаскелік полиция пункттері, құқық қорғау бөлімдері және жедел қызметтердің бөлімшелері жұмылдырылды. Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, абай болуға және кез келген құқық бұзушылық немесе күдікті жағдай туралы дереу хабарлауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:02, 22 қыркүйек 2026
Шетелдіктен ақша алдап алмақ болған ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды
-
18:40, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық гимнастар Азиада-2026 ойындарындағы жарысын аяқтады
-
18:25, 22 қыркүйек 2026
Суперқосымшадан Kaspi AI-ға дейін: Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum-да не айтты
-
18:22, 22 қыркүйек 2026
Қазақстанда мемлекеттік мүлік нысандарының фотосы мен геолокациясы көрсетілген цифрлық профильдері жасалады
-
18:10, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді





