Алматыда өзен жағасынан қауіпті қап табылды: оқиға орнына полиция шақырылды

14:23, 20 шілде 2026
MKZ: 1557030

© Фото: polisia.kz

Алматыда өзен жағасында серуендеп жүрген тұрғын күтпеген затқа тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істің мән-жайын 2026 жылғы 20 шілдеде Алматы ПД баспасөз қызметі баяндады.

"Өзен жағасында серуендеп жүрген тұрғын күтпеген жерден қаруға ұқсас заттарды тауып алды. Алматының Түрксіб ауданында қала тұрғыны өзен арнасының маңынан ішінде қаруға ұқсас заттары бар қапты байқап, бірден "102" арнасына хабарлаған".

Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы күдікті заттарды барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып тәркілеген.

"Тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Түрксіб аудандық полициясының қызметкерлері олардың шығу тегін, кімге тиесілі екенін анықтап, бұрын жасалған қылмыстармен байланысының бар-жоғын тексереді". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Алматы полициясы қырағылық танытқан азаматқа алғыс білдіреді. Полицияға дер кезінде хабарлау ықтимал қауіптің алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.

Бұған дейін Ақтауда ер адам ажырасуға бел буған әйелін жағалауда көпшіліктің көзінше пышақтап кеткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!