Алматыда өртенген пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен 95 жастағы кейуана құтқарылды
© Сурет: Zakon.kz
10 қаңтарға қараған түні Алматы қаласының Алмалы ауданында Клочков көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген кезде үшінші қабаттағы пәтердің кіреберісі мен санитарлық торабы 15 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Тұрғын үйдің кіреберіс үй-жәйларында қалың түтін пайда болып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірді.
"Өртті барлау және сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары жабық тұрған жанып жатқан пәтерді ашты. Жанып жатқан бөлмелер арқылы өтіп, балкондағы ашылмайтын терезе арқылы тыныс алып тұрған әжені анықтады. Әйел құтқарылып, оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Сонымен қатар, 4-қабаттан 52 жастағы әйел құтқару қалпағының көмегімен құтқарылды. Бұдан бөлек, көрші пәтерлердің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды", делінген хабарламада.
Азаматтарды жылыту үшін "Вахтовка" арнайы техникасы жұмылдырылды.
"Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сөндірілді. Қаза тапқандар жоқ. Құтқарылғандар дәрігерлердің бақылауында, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", деп нақтыланады.
Бұған дейін Тобыл қаласының тұрғыны өрт кезінде зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:49, 10 қаңтар 2026
Астанада боран, Алматыда жаңбыр: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
-
19:36, 10 қаңтар 2026
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды
-
19:20, 10 қаңтар 2026
Тоқав Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
-
17:58, 10 қаңтар 2026
Қытайда өтіп жатқан АТР 250 турнирінде Александр Бублик финалға шықты
-
17:03, 10 қаңтар 2026
«Көктайғақ, тұман, боран». Астана және еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды





