U22 құрамасы жобасы өз жұмысын тоқтатады: Сәрсекбаевтың қайда баратыны белгілі болды

16:13, 10 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/b.sarsekbayev

2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал аталған команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылады. Осылайша жаңадан жасақталған жастар құрамасын Бақыт Сәрсекбаев басқаратын болды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнына келеді.

Сәрсекбаев Бақыт Абдрахманұлы 1981 жылы дүниеге келген, Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы. 2024 жылы желтоқсан айынан бастап U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері бокстан ұлттық құрама басшылығына тағайындалғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!