Көлік нөміріне қара май жаққан: елордалық полиция құқық бұзушыны ұстады
© Фото: zakon.kz
Арнайы іс-шарасы барысында Күйгенжар бекетінде Howo жүк көлігінің 30 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Оның айыппұл төлеуден және бейнебақылау арқылы тіркелетін құқық бұзушылықтардан жалтару мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін әдейі жасырғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізуші алдыңғы мемлекеттік нөмірге техникалық май — солидол жағып қойған, ал артқы нөмірді қардан әдейі тазаламаған, соның салдарынан нөмір белгісі оқылмайтын күйге түскен.
"Аталған дерек бойынша жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін сәйкестендіруге кедергі келтіретін материалдарды қолдана отырып көлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Көлік коммуналдық айып тұрағына қойылды". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Іс-шара басталғалы бері елордада барлығы 726 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарудың 176 дерегі, нөмірсіз көлік басқарудың 41 фактісі, жалған нөмір қолданудың 5 жағдайы, сондай-ақ нөмір белгілерін тануға кедергі келтіретін материалдарды пайдаланудың 7 дерегі тіркелді.
Полиция мемлекеттік нөмір белгілерін жасыруға, өзгертуге немесе оқылмайтын күйге келтіруге бағытталған кез келген әрекет заңнамаға қайшы болып табылатынын және әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:49, 10 қаңтар 2026
Астанада боран, Алматыда жаңбыр: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
-
19:36, 10 қаңтар 2026
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды
-
19:20, 10 қаңтар 2026
Тоқав Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
-
17:58, 10 қаңтар 2026
Қытайда өтіп жатқан АТР 250 турнирінде Александр Бублик финалға шықты
-
17:03, 10 қаңтар 2026
«Көктайғақ, тұман, боран». Астана және еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды





