Алматыда орташа айлық жалақы 470 мың теңгеге жетті

12:55, 18 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz

Алматыда орташа айлық жалақы өсіп, 470 мың теңгеге жетті. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев бүгін, 2024 жылғы 18 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихаты аясында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Досаевтың айтуынша, жыл басынан бері қалада 68 мың жұмыс орны құрылды.

"Олардың 82%-ы тұрақты жұмыс орны. Соның нәтижесінде, Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді".Ерболат Досаев

Ол жұмыстың маңызды басым бағыты алматылықтардың әл-ауқатын арттыру екенін баса айтты.

"Қазіргі инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1%-ға өсіп, 470 мың теңгеге жетті",- деп мәлімдеді әкім.

Мұнымен қоса ол, жылдық инфляцияның 2024 жылдың соңына дейін 8,5%-ға дейін және 2025 жылы 7,5%-ға дейін баяулауын болжап отырғанын жасырмады.

Бұған дейін 2024 жылы оңтүстік астанаға 1,7 млн турист келгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!