Алматыда мұғалім балаларға суицидке шақыратын мәтінді талдауға берді

10:13, 13 қазан 2020

Алматыда мектеп мұғалімі балаларға тапсырма ретінде суицидке шақыратын мәтінді талдауды тапсырған. Оны естігенде бала түгілі, ата-аналардың төбе шаштары тік тұрған. Бірден әлеуметтік желіге жариялап, түсініктеме беруін талап еткен. Білім басқармасындағылар мұндай тапсырманың оқу бағдарламасында болмағанын растап отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мектеп оқушылары ата-аналарының төбе шашын тік тұрғызған оқиға 9 қазан күні болған. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бабаларға берген мәтінде баласына ашуланған анасы: "Егер сені көзім енді көрмесе мен бақытты болар едім" депті. Оны естіген бала әкесінің қаруын алып атылып өліп, соңғы хатында анам енді сен бақыттысың мені енді көрмейсің" деп жазып кетіпті. Мұндай тапсырма берген мұғалім, мәтінді ғаламтордан алғанын жеткізді.

Айгүл Әмитова, №132 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Осы балалар тақырыбын табу керек, мәтінін талдау керек еді. Оқулықтардан алуға болмайды. Сондықтан интернеттен іздедім мен. Ертектерден біреуін алдым. Асеева деген волшебное слова деген бар. Үшіншісін тоже ертектен алғам.

Баласы бесінші сыныпта оқитын Ирина Компанцева мұғалімнің талапшыл екенін айтады. Берген тапсырмаларын балалары орындау үшін ізденуге мәжбүр болатынын айтады. Бірақ желіні шулатқан мәтінді көрмедік деп отыр.

Ольга Сокал, оқушының анасы:

Платформада бұл тапсырма болған жоқ. Менің қызым бұл тапсырманы орындаған жоқ. Психологиялық тұрғыдан дұрыс емес тапсырма берілді дегенді естігерде менің наразылығымды тудырды.

Ал қалалық білім басқармасындағылар бесінші сынып оқушыларына талдауға берілген мәтіннің мектеп бағдарламасында жоқ екенін жеткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі шығармашылықпен айналысқысы келіп, өз бетімен тапсырма жолдаған дейді. Бірақ мәтіннің психологиялық құрамдас бөлігіне назар аудармағанын жеткізді.

Ақмарал Айтуарова, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

Бұл жерде №132 гимназияның мұғалімі дайындағанын және мұндай тапсырманы бір сынып қана алғаны ерекше атап өткімі келеді. Яғни бүкіл қаланың оқушылары осындай тапсырма алмағанын дәлелдейді. Біз мұғаліммен мектеп директорымен сөйлестік, мектеп әкімшілігі және біз ата-аналардан кешірім сұраймыз.

Әлеуметтік жетіні шулатқан мәтінге байланысты қалалық білім басқармасының басшылығы мектеп гимназия басшысы мен мүғалімге ескерту беріп, қала мектептеріне мүндай жағдайдын енді қайталанбауын тапсырған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!