Алматыда қарақұрым кезекте тұрған мұғалімдердің видеосы желіде тарады

17:59, 3 желтоқсан 2020

Әлеуметтік желіде мұғалімдер қауымының ПТР-анықтама алу медициналық мекеме жанында құжынап, кезекте тұрған видеосы тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Инстаграмда пайда болған видео сыртында:

- Алматыдағы барлық мұғалімдер қайта аттестаттаудан өтуі керек, ол үшін барлығы Covid-19-ға тест тапсыруы тиіс. Оның сиқы, міне, осындай, - дейді автор.

Сондай-ақ, видеоны Алматыдан келген мұғалім жібергені көрсетілген. Видеода үлкен медициналық ұйым алдында кезекте тұрғандар, негізінен әйелдер. Қабырғаларда қашықтықты сақтау ескертілген нұсқаулықтар бар, бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ.

"Міне, осындай қарақұрым халық, көріп алыңыздар. Біз соңында күтіп тұрмыз, ал оның қарасы көрінбейді, көрдіңіздер ме, қандай көп адам. Барлығы ерте келген, бірақ мына кезектің жылжитын түрі жоқ", - дейді әйел дауысы.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мән-жайды түсіндірді.

Ұстаздар қауымы құрамы кем дегенде бес жылда бір рет жүйелі аттестаттаудан өтеді. Ережеге сәйкес, сертификаттау ұлттық біліктілік тестілеу кезеңін (ҰБТ) қамтиды. Мұғалімдерді аттестаттау санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып өткізіледі. Тестілеуге қатысу үшін ПТР-тестін алудың қажеті жоқ. Кестеге сәйкес, Райымбек даңғылы, 196 үй мекен-жайында орналасқан "Ustudy" тестілеу орталығында тек Алматы қаласының мұғалімдері тест тапсырады. Бірақ 2 желтоқсанда бұл тестілеу орталығына Түркістан, Тараз, Шымкент және Алматы облыстарынан мұғалімдер келді, осыған байланысты ғимаратқа жіберілу кезінде үлкен шу болды. Барлық мұғалімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта тестілеу, әдеттегідей қалыпты жағдайда өтіп жатыр, - дейді департаменттегілер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!