Алматыда Қала күні Kitap Fest-ке келушілер 8 мыңнан астам кітап сатып алды

16:37, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мәдени астананың кітапсүйер қауымы екі күн ішінде Kitap Fest Almaty алаңында сегіз мыңнан астам кітап сатып алды. Екі күнге арналған бағдарлама қала күнін мерекелеу аясында әзірленді және бәрінің қаладағы сүйікті орны – Арбатта өтті.

Атап өтетіні, ең ірі кітап фестивалі биыл өзінің онжылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт аралығында бұл жоба кітапқа деген сүйіспеншіліктің символына айналды және өзін кітап оқу мәдениетін ілгерілету үшін бірегей платформа ретінде көрсете отырып, еліміздегі кітап мәдениетін дамытудағы маңызды кезең болды.

"Kitap fest-тің басқа фестивальдерден айырмашылығы неде? Біріншіден, бұл Қазақстандағы жалғыз кітап фестивалі. Екіншіден, бұл жай ғана кітап жәрмеңкесі емес. Біз кітап оқу мәдениеті мен оны оқуға деген сүйіспеншілікті насихаттаймыз. Біз кітап оқуды танымал және өте қажетті ете түспекшіміз. Сол үшін де кітапсүйер қауымды, авторларды және әдебиет саласындағы жетекші сарапшылардың басын қостық", — деп атап өтті Kitap Fest Almaty фестивалінің негізін қалаушы Жұлдыз Омарбек.

Фестиваль қатысушылары екі күн ішінде көптеген интерактивті алаңдар: қазақстандық жазушылармен кездесулер, балаларға арналған қызықты шеберлік сыныптары, көрмелер мен зияткерлік байқаулар арқылы кітаптар әлеміне еніп үлгерді. Фестиваль барысында 70-тен астам кітап дүкендері мен баспалар қала тұрғындарына барлық талғамға сай кітаптар ұсынды. Сондай-ақ, жоба қатысушылары белгілі тұлғалармен кездесулер өткізіп, еркін форматта қазіргі әдебиеттегі трендтер туралы әңгімелесті.

"Біздің баспа жобаға алғаш рет қатысып отыр. Біздің байқауымызша, көркем әдебиет, балалар әдебиеті, нонфикс жанры өте жақсы дамыған. Алайда, менің ойымша, әлі де ғылыми әдебиеттер аз. Сондықтан біз осы бағытта даму қажет деп шештік. Келген қонақтар мен оқырмандардың шынайы көзқарасы мен қызығушылығы бізді бей-жай қалдыра алмайды. Жыл сайын осы фестивальге қатысамыз деген үміттеміз", — деп бөлісті баспалардың бірінің директоры Садық Шерімбек.

Kitap Fest Almaty кітап оқу мәдениеті жай ғана хобби емес, тәрбие мен білім берудің маңызды элементі екенін тағы да көрсетті. Фестиваль тек мәдени мереке ғана емес, сонымен қатар білімді және кітам оқитын қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болды. Фестивальге келген көптеген адамдар мұндай шаралардың кітапқа деген қызығушылықтың артуына ықпал ететінін және жаңа жетістіктерге шабыттандыратынын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!