Алматыда балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасалды - видео
© Фото: Zakon.kz
Қазнетте Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасында болған оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрларда аурухана дәлізінде науқас баланың ата-анасы дәрігермен қатты дауыстап, эмоцияға беріліп сөйлесіп жатқаны көрінеді. Бір сәтте әйелдің дәрігерге жұдырық ала жүгіргені байқалады.
Аурухана баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, жағдай 31 мамыр күні болған.
"00:07-де 2 жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Дәрігер тексеруден кейін оны ауруханаға жатқызу қажет деген шешім қабылдады. Баламен бірге келген адам – кәмелетке толмаған әпкесі болған. Науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланды, өміріне тікелей қауіп белгілері анықталған жоқ", – делінген хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, заңға сәйкес кәмелетке толмаған баланы ауруханаға жатқызу үшін оның заңды өкілінің келісімі қажет.
Сол себепті медициналық қызметкерлер баланың анасын күтіп, қажетті құжаттарды рәсімдеуді күткен.
Алайда анасы келгеннен кейін аурухана ішінде дәрігер мен әйел арасында жанжал туындаған.
"Бейнебақылау жазбалары мен куәгерлердің айтуынша, дәрігерге қатысты күш қолдану әрекеттері жасалған. Бұл дерек бойынша полиция шақырылып, арыз берілді, тексеріс жүргізілуде", – деді аурухана өкілдері.
Сонымен қатар ішкі тексеру нәтижесінде дәрігердің әрекеттері заң талаптары мен мекеме ережелеріне сай екені анықталған.
"Аурухана тарапынан госпитализациядан бас тарту немесе медициналық көмек көрсетпеу фактілері тіркелген жоқ. Оқиға материалдары құқық қорғау органдарының қарауында", – деп хабарлады мекеме.
Еске салайық, Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекске арнайы бап енгізілген (ҚР ҚК 106-1-бап – медицина қызметкеріне қоқан-лоқы жасау немесе күш қолдану), ол денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығына қарай 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:32, 1 маусым 2026
Балаларға базарлық: Қызылордада Ботаникалық бақ пайдалануға берілді
-
16:21, 1 маусым 2026
Екібастұзда жүк көлігі баласын көтеріп тұрған әйелді қағып кетті
-
16:07, 1 маусым 2026
Қазақстанда импорттық азық-түлік өнімдерін мемлекеттік сатып алу шектеледі
-
15:55, 1 маусым 2026
1 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар қымбаттауын жалғастырды
-
15:39, 1 маусым 2026
Алматыда екі ауданда суық су уақытша өшіріледі





