Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи «Шабыт» даму орталығы ашылды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Алмалы ауданында 1951 жылы салынған ескі Оқушылар үйінің орнына жаңа "Шабыт" балаларды дамыту орталығы ашылды. Жаңа орталық 2 500-ден астам оқушының білім алып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Қала әкімі Ерболат Досаев жаңа орталыққа барып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жасалған жағдаймен танысты.
Орталық Жамбыл және Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұрын бұл жерде №2 Оқушылар үйі болған, алайда ғимарат ескіріп, заманауи стандартқа сай келмей қалған.
2024 жылы шілде айында қала әкімдігінің бастамасымен және инвестордың қолдауымен ескі ғимаратты бұзып, жаңа орталық салу туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде жалпы аумағы 1 415 шаршы метрден 3 414 шаршы метрге дейін ұлғайды, ал жобалық қуаты 1 200 баладан 2 500 балаға дейін артты.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа орталық заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған: интерактивті панельдер, моноблоктар, ноутбуктер, сондай-ақ, техникалық, музыкалық, көркемдік және спорттық бағыттарға арналған арнайы құрал-жабдықтар орнатылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімнің сапары барысында оған мәдени іс-шараларға арналған амфитеатр, 25 метрлік жолағы бар жүзу бассейні, арт-студия, хореография залы, робототехника кабинеті, тігін шеберханасы және музыкалық сыныптар көрсетілді.
Робототехника кабинетінде оқушылар жобасын ұсынды. "Робот құрастырғанды жақсы көремін, бұл бізге бағдарламалауды үйренуге және түрлі мәселені шешуге көмектеседі. Инженер болуды армандаймын, ал орталықтағы сабақтар пайдалы дағдыларға үйретеді", – деді 7-сынып оқушысы Манас Өмірғалиев.
Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелері, бет-әлпетті тану арқылы кіретін турникеттер, өртке және төтенше жағдайға арналған дабыл жүйелері орнатылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Орталық директоры Бақытгүл Лекерова мекеменің басты мақтанышы бассейн екенін атап өтті: "Бұрын №2 Оқушылар үйінде спорттық-сауықтыру бағыты үшін жағдай жасалмаған еді. Енді балалардың жүзумен айналысуға мүмкіндігі бар – душ кабиналары мен жайлы шешінетін бөлмелер қарастырылған. Жаңа ғимарат балалардың дарынын ашуға және өздерін шығармашылық тұрғыда көрсетуге үлкен мүмкіндік береді", – деді ол.
Орталық аумағында футбол және баскетбол алаңдары, балаларға арналған ойын аймағы салынды, сондай-ақ, туя мен бұталар отырғызылды.
"Шабыт" балаларды дамыту орталығы мектеп жасындағы балаларға арналған. Мұнда олар ғылыми-техникалық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық, көркем-эстетикалық, музыкалық-аспаптық және спорттық-сауықтыру сынды бағыттар бойынша білім ала алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:23, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
-
21:07, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
21:04, 26 наурыз 2025
Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» жарлыққа қол қойды
-
20:52, 26 наурыз 2025
Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады
-
20:19, 26 наурыз 2025
АЭС бойынша келіссөздер аяқталуға жақын: Қазақстан KHNP компаниясымен кездесу өткізді
Танымал жаңалықтар
-
12:30, 26 наурыз 2025
-
09:40, 26 наурыз 2025
-
10:13, 26 наурыз 2025
-
12:43, 26 наурыз 2025
-
11:57, 26 наурыз 2025
-
10:31, 26 наурыз 2025
-
11:23, 26 наурыз 2025
-
09:02, 26 наурыз 2025
-
11:34, 26 наурыз 2025
-
09:51, 26 наурыз 2025
-
09:33, 26 наурыз 2025
-
10:02, 26 наурыз 2025
-
10:40, 26 наурыз 2025
-
09:22, 26 наурыз 2025
-
10:25, 26 наурыз 2025