Алматыда артқа жүріп жеткен КАМАЗ үш жеңіл көлікті жапырып өтті

20:19, 4 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

4 қазанда Алматыда Медеубеков пен Жандосов көшелерінің қиылысында топырақ тиеген КАМАЗ жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

КАМАЗ Медеубеков көшесі бойымен оңтүстік бағыттан көтеріліп келе жатады.

Әзірге белгісіз себептерге байланысты Жандосов көшесінің қилысына жеткенде КАМАЗ артқа жүріп кетеді.

КАМАЗ, бейнелеп айтқанда, артында тұрған жеңіл көліктерді жапырып, жан-жаққа "шашады".

Бірінші болып соққыға Nissan, Volkswagen және қытайлық Exeed автокөлігтері ұшырады.

Содан кейін артқы жылжыған күйі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққан КАМАЗ тротуарға ұшып, шағын ұйымның қоршауына соғылып, тоқтайды.

Құдай сақтағанда, тротуарда жаяу жүргіншілер болған жоқ.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеді.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!