Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен қыз бала ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен қыз баланы анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті интернетте танымал қосымшаларға Алматыда пәтер жалға беретіні туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Алайда оның жалға беретін баспанасы болмаған. Жәбірленушілерден алдын ала төлем алғаннан кейін алаяқ байланысын тоқтатып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
"Қазіргі таңда полиция бөліміне зардап шеккен азаматтардан 15-ке жуық арыз келіп түскен. "Заң және Тәртіп" қағидатын және Алдын алу жылын іске асыру аясында, алаяқтықпен күрес - полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мұндай қылмыстар азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді, ал біздің міндетіміз заңсыз әрекеттерді тез арада тоқтатып, кінәлілерді жауапқа тарту", - деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхаммедәлі Сейсенұлы.
Полиция қосымша деректерді анықтау жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды тұрғын үйді жалға алу мәмілелерін жасау кезінде абай болуға, құжаттарды тексеруге және ақпаратты тексермей алдын ала төлемдерді аудармауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:12, 20 мамыр 2026
Ұлытау облысында «Адал қоғам: Заң, сана және қауіпсіздік» атты форум өтті
-
17:58, 20 мамыр 2026
Алматыда ескі жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты 2,5 айға жол учаскесі жабылады
-
17:45, 20 мамыр 2026
Алматыда әуежайда лаң салған канадалық азамат жауапқа тартылды
-
17:32, 20 мамыр 2026
СІМ БАӘ-де өмір бойына сотталған отандасымызға қатысты пікір білдірді
-
17:32, 20 мамыр 2026
СІМ БАӘ-де өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымызға қатысты пікір білдірді





