Алматы прокурорлары жеке сот орындаушыларын жауаптылыққа тартты

12:35, 16 қыркүйек 2024

© Фото: freepik

Алматы қаласының прокуратурасы әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың заңдылығы тұрғысынан талдау жасады.

ЖСО-ның 1000-нан астам борышкерге қатысты олардың банктік шоттарына және мүлкіне тыйым салу жөнінде шаралар қабылдамаған фактілері анықталды, жалақыдан берешекті ұстап қалу жүргізілмеген, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылмаған.

Бұзушылықтар борышкерлердің сот актілерін орындаудан ұзақ уақыт жалтаруына және бюджетке қаражат түспеуіне әкеп соқтырды, осылайша жазаның бұлтартпастық қағидаты бұзылды.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 50 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 1 ЖСО-ға қатысты оны палатадан шығару рәсіміне бастама жасалды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 75 млн теңгеден астам қаржы өндірілді." Алматы қаласының прокуратурасы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!