Алматы полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Арыновтың тапсырмасы бойынша 16 қыркүйек кешке өрт болған жерге Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әрекеттерді үйлестіру жұмыстары өрт орнында да, ТЖМ Командалық орталығынан да жүргізілуде. Полигонда тәулік бойы басқару және өртті жою барысын бақылап отырған жедел штаб құрылды.
Өртті сөндіру жұмыстары алты учаскеде жүргізілуде. Су үздіксіз берілуі үшін АНР құрылғысы "Терен-Қара" өзеніне орнатылып, магистралдық желілер тартылды. Жұмысқа алты техника жұмылдырылды: бір автомобиль-насосты-рукавты және бес автоцистерна.
Өртке қарсы 11 оқпан мен бір жылжымалы лафеттік оқпан тартылды. Соған қарамастан, 10 метр тереңдіктегі жану мен жел бағытының өзгерісі сөндіру барысына кедергі келтіруде.
Өртті сөндіруге қосымша Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу, Абай, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖМ-нің 52859 әскери бөлімі (Мартбек Мамраев атындағы) мен 68303 әскери бөлімі (Қасым Қайсенов атындағы) әскери қызметшілері тартылды.
Жалпы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды. Өртті жою бойынша барлық қажетті шараларды ТЖМ тәулік бойы атқаруда. Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен көміп, топырақты нығыздау жұмыстарын жүргізуде.
Бұл әдіс жанып жатқан өртке оттегінің толық жетуін тоқтатуға және жалынды түбегейлі жоюға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Алматы полигонындағы өртті ұзақ сөндірудің себептері аталған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 13 тамыз 2026
Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды
-
21:33, 13 тамыз 2026
Баспана саласындағы мемлекеттік саясат ұсыныстың орнына сұранысты арттырып, бағаны өсірді - экономист
-
21:12, 13 тамыз 2026
Ақтауда студенттерден 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталып, сотталды
-
20:53, 13 тамыз 2026
«Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды». Қостанай облысында балалар орталығы жабылды





