Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апаты: жүргізуші ең жоғары жаза алды
© Фото: Zakon.kz
Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі қаза тапқан резонансты жол-көлік оқиғасына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушыға көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзуы бойынша айып тағылды.
"2026 жылғы 23 маусымда сотталушы Ж. алкогольдік масаң күйде HAVAL M6 маркалы автокөлігін басқарып, Еңбекшіқазақ ауданының аумағындағы Алматы – Шелек – Қорғас тасжолының 132-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Audi автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, тағы үш адам түрлі дене жарақатын алды", – деп хабарлады сот 2026 жылғы 11 қыркүйекте.
Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескерген сот HAVAL жүргізушісіне бап санкциясында көзделген ең жоғары жазаны тағайындады. Ол көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды. Сотталған адамнан жалпы сомасы 29 млн теңге моральдық зиян өтемақысы және 1 млн 799 мың 89 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін қайғылы жол апаты туралы қаза тапқандардың туысы айтып берген еді. Апаттан оның сіңлісі күйеуімен және жиені қаза тапқан. Екі бала мен немересі аман қалғанымен, жетім қалған. Сол кезде полиция жол апатына кінәлі адам погон таққан қызметкер болуы және мас күйде көлік жүргізуі мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме бермеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:29, 11 қыркүйек 2026
15 жастағы қыз өзін ұрлап бара жатқан көліктен секіріп түсіп, аман қалған
-
12:21, 11 қыркүйек 2026
Бұрынғы күйеуінің қателесіп аударған ақшасын қайтармай қойған әйел жауапқа тартылды
-
12:15, 11 қыркүйек 2026
Археологтар тұрғын үй салынатын жерден жоғалған қаланың ізін тапты
-
12:10, 11 қыркүйек 2026
Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті
-
12:02, 11 қыркүйек 2026
Қазақстанда платформалық жұмыспен қамтудың бірыңғай тәсілдері әзірленді





