15 жастағы қыз өзін ұрлап бара жатқан көліктен секіріп түсіп, аман қалған

12:29, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566308

© Сурет: pexels

2026 жылғы 4 қыркүйек күні кешке Рио-де-Жанейро қаласында 15 жастағы қыз мектептен үйіне қайтып келе жатқанында, оның жанына белгісіз көлік келіп тоқтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lenta.ru Need To Know басылымына сілтеме жасап жазғандай, көлік жүргізушісі қолында қаруы бар екенін айтып, оқушы қыздың ұялы телефонын тартып алған да, көлікке отыруды бұйырған.

Біраз уақыттан кейін бразилиялық қыз адам ұрлаушының теріс қараған сәтін пайдаланып, жүріп келе жатқан көліктен секіріп түсіп, жақын маңдағы тұрғын үй кешеніне қарай жүгірген.

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, қыз басын асфальтқа соғып, тізесін жарақаттап алған, бірақ жалпы жағдайы жақсы. Қылмыскер кәмелетке толмаған қыздың рюкзагын алып кеткен.

Қылмыскердің кім екені әзірге анықталған жоқ. Тергеушілер оның қызды зорламақ болғанына сенімді. Оқиғаға куә болғандардан полицияға хабарласу сұралды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!