Алматы облысында түсте басталған алапат өрт толығымен сөндірілді
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысында 2025 жылы 15 наурызда түсте басталып, сағат 17-00 шамасында ауыздықталған алапат өрт толығымен сөндірілді. Қызыл жалын ораған нысан дөңгелек шығаратын зауыт емес, резеңке бұйымдарын өңдейтін цех болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ТЖМ күштерімен өрт 500 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылының жол бойында резеңке бұйымдарын өңдейтін ЖШС аумағының сыртында жиналған дөңгелектердің жануы орын алды. Оқиға орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауытта өрт болып жатқаны хабарланған. Сағат 17-00 шамасында алапат өрттің ауыздықталғаны, оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өзі де жүргені белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:52, 15 наурыз 2026
Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр
-
09:45, 15 наурыз 2026
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек референдумда дауыс берді
-
09:38, 15 наурыз 2026
Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді
-
09:24, 15 наурыз 2026
Ерлан Қошанов жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдумда дауыс берді
-
09:15, 15 наурыз 2026
Серік Шәпкенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді





