Алматы облысында тағы алапат өрт болып жатыр
© Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
2025 жылдың 20 наурызында түстен кейін Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Боралдай елдімекеніндегі өнеркәсіптік аймақ территориясында орналасқан қойманың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ТЖД қоймада тамақ өнімдері мен автомайлар сақталғанын нақтылайды.
"Қызыл жалын шарпыған аумақ шамамен 600 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында от қойманың бүкіл алаңына және жақын тұрған үш қабатты әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілмеді, өрт сағат 17:17-де оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Zakon.kz тілшісіне бейсенбіде аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімі оқиға орнына жіберілді.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 34 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қалалық ТЖД-нің 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖД өнеркәсіптік нысандар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
Бұған дейін де Алматы облысында алапат өрт болған. Ол кезде, 2025 жылы 15 наурызда Талғар ауданы, Жаңалық ауылының жол бойында резеңке бұйымдарын өңдейтін ЖШС аумағының сыртында жиналған дөңгелектер өртенген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 22 наурыз 2025
«Қар жауады, найзағай ойнайды». Еліміз бойынша 23 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
16:49, 22 наурыз 2025
LRT құрылысына байланысты елорда тұрғындарына қосымша ескерту жасалды
-
16:31, 22 наурыз 2025
Еуразиялық банк пен ERG компаниялар тобының егесі Александр Машкевич дүние салды
-
15:45, 22 наурыз 2025
Ән салып, би билейміз! Алматыда NauryzFest музыкалық фестивалі басталды - фоторепортаж
-
14:10, 22 наурыз 2025
Астанада Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланып жатыр
Танымал жаңалықтар
-
11:20, 22 наурыз 2025
-
09:57, 22 наурыз 2025
-
11:34, 22 наурыз 2025
-
09:18, 22 наурыз 2025
-
10:26, 22 наурыз 2025
-
09:31, 22 наурыз 2025
-
14:25, 22 наурыз 2025
-
10:14, 22 наурыз 2025
-
12:10, 22 наурыз 2025
-
15:59, 22 наурыз 2025
-
12:25, 22 наурыз 2025
-
13:57, 22 наурыз 2025
-
13:44, 22 наурыз 2025
-
14:10, 22 наурыз 2025
-
15:45, 22 наурыз 2025