Алматы облысында автобус жүргізушісіне жасалған шабуыл: полиция мән-жайды айтты

16:46, 16 қаңтар 2026

© Фото: pexels

2026 жылғы 15 қаңтарға қараған түні Алматы облысында белгісіз адам қоғамдық автобустың жүргізушісіне шабуыл жасап, әйнегін сындырған. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеп, бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, зақымданған автобус шамамен жарты шақырымдай жол жүріп өткен.

"Жолаушылар күйзеліске түсіп, жарақат алу қаупіне ұшырады", – деп атап өтті жарияланған бейнежазбаның авторы.

Тілшінің сұрауына жауап берген құқық қорғау органдары бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын нақтылады.

"Белгісіз ер адам қаланың бір көшесінде қоғамдық автобустың әйнегін әдейі сындырғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстады", – делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды.

"Іс бойынша болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп қосты ведомствода.

Тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, 2026 жылғы 16 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысындағы тасжолда Yutong маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тауып, 42 жолаушы жарақат алды, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!