Алматы метросында жолаушының қалтасынан күмәнді зат табылды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы метросында полицейлер жолаушының қалтасынан өсімдік тектес зат салынған орама тапты. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қыркүйекте қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, сағат 23:00 шамасында "Алатау" станциясында метро полициясы мен көлік қауіпсіздігі қызметінің мамандары жоспарлы тексеру жүргізген. Сол кезде тәртібі күмән тудырған ер адамды тоқтатқан.
"Тексеру кезінде оның күртесінің қалтасынан орама табылды. Оның ішінде жасыл түсті өсімдік тектес зат болған", – деп хабарлады полиция департаменті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Табылған зат тәркіленіп, нақты құрамын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Көкшетауда бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адамның вокзал маңында жанжал шығарып, қамауға алынғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:10, 24 қыркүйек 2026
Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді
-
11:06, 24 қыркүйек 2026
Әйел 100 мың жыл бұрын өмір сүрген алып жануардың тісін тауып алды
-
11:00, 24 қыркүйек 2026
Қарағандылық зейнеткер өсек таратқаны үшін сотқа тартылды
-
10:56, 24 қыркүйек 2026
Мектеп оқушысы алып балық ұстап, әлемдік рекорд орнатты
-
10:48, 24 қыркүйек 2026
Жалақы да, қызметтік көлік те жоқ: Халық Кеңесіндегі жұмыс шарттары айтылды





