Алматы маңында карантинге жабылған тұрғын үй кешенінде 22 мың адам қамауда қалды
Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешені бүтіндей карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мұнда дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылады, онда медициналық қызметкерлер арнайы осы ықшамауданның тұрғындары үшін жұмыс істейді. Азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сату ұйымдастырылады. Санитария жұмыстары да жалғасатын болады. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тұрғын үй кешенінің аумағы қоршауға алынды. Периметр бойынша кезекшілікке әскерилер қойылды.
"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 5088 пәтер бар және онда шамамен 22 мың адам тұрады.
28 наурызда "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің бір подъезі карантинге алынған. Онда коронавируспен ауыратын қыз тұрып жатқан. 1 сәуірде тағы бір әйелдің инфекция жұқтырғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:08, 26 сәуір 2024
Полиция екі күнде 300-ге жуық қылмыскерді ұстады – ІІМ
-
17:40, 26 сәуір 2024
Алматыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мақсатсыз пайдалану деректері тексеріледі
-
17:27, 26 сәуір 2024
Шиелі ауданындағы ірі компаниялар да «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
-
17:23, 26 сәуір 2024
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: қазақстандықтар тағы үш медаль жеңіп алды
-
17:11, 26 сәуір 2024
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған тұрғынға қатысты үкім шықты