Алматы, Ақтөбе және Атырауда қолайсыз метеожағдай күтіледі

09:14, 27 тамыз 2026
MKZ: 1563659

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Бүгін Қазақстанның үш ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылған.

"2026 жылғы 27 тамызда Алматы мен Ақтөбеде, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды, яғни ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластаушы көздердің маңында ұзақ жүрмеу ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

2026 жылғы 26 тамызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау және Алматы қалаларында, ал түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!